«Бізде кадрлар болған жоқ» — Назарбаевтың тарихи жарлығы жарияланды

 

«Бізде кадрлар болған жоқ» — Назарбаевтың тарихи жарлығы жарияланды

© tengrinews.kz мұрағатынан

© tengrinews.kz мұрағатынан

Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 7 мамырда қол қойған ҚР Қарулы Күштерін құру туралы жарлығының құжаты жарияланды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Бізде кадрлар болған жоқ, тәжірибе де болған жоқ. Егеменді Қазақстанның армиясы қандай болуы керек деген түсінік болған жоқ.
⠀
Осы жағдайда республика аумағында орналасқан барлық бөлімдерді, Орта Азия, Түркістан әскери округтерінен және Ауғанстандағы соғыстан шыққан 40-шы армиядан қалған бөлімдерді Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері деп жариялау туралы шешім қабылданды.
⠀

Мұндай Жарлыққа мен 1992 жылы 7 мамырда қол қойдым», — деген еді Елбасы 2007 жылы 7 мамырда ҚР Қарулы Күштерінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *