ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ МЕН БАЛАБАҚША-МЕКТЕП НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ МЕН БАЛАБАҚША-МЕКТЕП НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Муталиб Юлдашев атындағы спорт ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Жиында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков бұл кешенінің спортты дамытуда маңызы зор екендігін айтып, иқандықтарды құттықтады. Мереке аясында ашылған спорт кешенін аудан әкімі мен ауыл тұрғындары аралап көрді.
Нысанды жеке кәсіпкер Мамирхан Юлдашев мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында өз қаржысы есебінен «Туған жер» бағдарламасы аясында салып берген. Туған жеріне тарту жасаған кәсіпкер осы арқылы бұқаралық және кәсіптік спортты дамытуды көздеп отыр. Ғимаратты салуға 416 млн. теңге жұмсалған. Жалпы жер көлемі – 1,5 гектар.
240 орынға арналған спорт кешенінде 28 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Спорт кешені еліміздегі 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қатарына кіріп отыр. Мұнда 18 жасқа дейінгі 338 бала спорт үйірмесіне тегін жазылмақ.
Сонымен бірге мереке қарсаңында Сауран ауданындағы Қарашық ауылында «Жасмин» бастауыш мектеп-балабақша кешенінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Ғ.Рысбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Тәуелсіздікке тарту болған ғимаратты жеке кәсіпкер Атахан Файзиев өз қаражатына салып берді. Сыйымдылығы – 200 бала. Қазіргі таңда мұнда 100 бала тәрбиеленіп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *