Бейнежазбадан түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады

Бейнежазбадан түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады

Бейнежазбаны қарау кезінде түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, сонымен қатар білім беру гранты жойылады. Бұған қоса, тағы да жаңашылдықтар бар. Тест тапсырушыларға қарапайым калкульятор берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды. Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер емін-еркін осы сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз», — деді министр.

Оның атап өтуінше, бұған қоса биылғы тілектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандардан мамыр айының соңында босатылды. «Осы шаралардың барлығы түлектер үшін үлкен қолдау екені сөзсіз», — деді ол.

https://www.inform.kz/kz/beynezhazbadan-tulektin-tyyym-salyngan-zatty-paydalangany-anyktalsa-ubt-natizhesi-zhoyylady_a3656785

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *