Бішкекте ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы талқыланды
Бішкекте ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы талқыланды
Бүгін Бішкекте 2025 жылғай дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтайтын құжаттың жобасы бойынша консультация өтті.
Қазақстан тарапының делегациясын сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова басқарды.
«Өзара сауда жасау кезінде кедергілерді жоюды көздейтін Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын дамыту еуразиялық интеграцияны дамыту үшін шешуші аспекті және жұмысымыздың негізгі өлшемшарты болуы тиіс. Бұл ретте интеграцияның одан әрі дамуы экономикалық құрамдастың призмасы арқылы өтуі қажет», — деп атап өтті Жанель Кушукова.
Стратегиялық бағыттардың жобасы өткен жылы желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестердің одан әрі дамуы туралы декларацияны іске асыру үшін әзірленіп жатқанын еске саламыз, әрі ол ағымдағы жылдың соңына дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың қарауына ұсынылуы тиіс.
Жалпы, Стратегиялық бағыттардың жобасы ЕАЭО мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, оның ішінде жоғары технологиялық және инновациялық еуразиялық кеңістікті қамтамасыз ету, мүше елдердің экономикасын цифрлық трансформациялау, іскерлік белсенділікті ынталандыру және азаматтардың өмірінде позитивті өзгерістерді қамтамасыз ету үшін мүше елдер қабылданған міндеттемелердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге бағдарланған.
Кеңестің нәтижелері бойынша тараптар Стратегиялық бағыттардың жобасын әзірлеу бойынша жұмысты жандандыру туралы уағдаласты.