Bek Air әуекомпаниясының мүлкі тәркіленді
Bek Air әуекомпаниясының мүлкі тәркіленді
Cот Bek Air әуекомпаниясының мүлкін жолаушыларға әуебилеттері үшін ақшаны қайтару туралы талап-арызды қамтамасыз ету мақсатында тәркіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты онлайн форматтағы брифинг барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сатып алынған әуебилеттер сомасын қайтару үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінарыз жазып, сотқа жүгінген. Ведомство мәліметінше, әуекомпаниясы сот талқылауы кезінде мүлікті сата алады. Сондықтан 20 сәуірде сот Bek Air мүлкіне тыйым салды.
«Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Закарпатская көшесі, 8А мекенжайы бойынша орналасқан Bek Air АҚ мүлкіне тыйым салынсын», — делінген судья Әлия Менлібаеваның қаулысында.
Bek Air әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды
Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bek-air-auekompaniyasyinyin-mulk-tarklend-308881/