Орда бұзар жастағы жігітті ұрып-соғып тонап кеткен
Түркістан облысының полицейлері тонаумен айналысқан азаматты ұстады.
Түркістан ҚІІБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханасынан 30 жастағы азаматтың дене жарақатымен дәрігерлік көмек алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары белгісіз азаматтың ұрып-соғып күш қолданып, құны 60 000 теңге тұратын ұялы телефонын және 20 000 теңгесін тартып алып кеткенін анықтаған.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-нің «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Тонау жайтының құрбаны болмас үшін, бағалы заттарыңызды көпшілік орындарында бейтаныс адамдарға көрсете бермеңіз.
Егер де Сіз осындай қылмыстардың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» нөміріне полицияға хабар беріңіз.
Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы