Қорғаныс министрлігінің полковнигі жауапқа тартылып, шенінен айырылды
Қорғаныс министрлігінің полковнигі жауапқа тартылып, шенінен айырылды
Автор: Азамат Қабетов
Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің полковнигі 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталды. Бұл ақшаға ол қол астында жұмыс істейтін қызметкерді ауданнан Орал қаласына қызметке ауыстыруға уәде берген. Сот оған 4 миллион 875 мың теңге айыппұл салды деп хабарлады KAZ.NUR.KZ порталы Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкіміне сілтеме жасап.
Ақтөбе гарнизонының әскери сотында сыбайлас жемқорлық ісі қаралды.
Орал қаласының тұрғыны Марат Есенов Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармасын басқарып, полковник шеніне дейін жоғарылаған.
Бірде қол астындағы әскеридің әйелі оған күйеуін Бәйтерек ауданынан Оралға ауыстыру туралы өтінішпен жүгінеді. Біраз уақыттан кейін Есенов бұл үшін әйелден 1000 доллар сұраған, ал күйеуімен сөйлесу кезінде олар 200 мың теңгеге келісіпті.
Өз кезегінде Оралға көшуге ниеттенген әскери мен оның жұбайы бөлім бастығының заңсыз ұсынысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке айтқан.Пара алған соң, полковник ұсталып, қамауға алынған.
Марат Есенов 106 күн қамауда болды. Ол прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.
https://kaz.nur.kz/1857508-korganys-ministrligini-polkovnigi-zauapka-tartylyp-seninen-ajyryldy.html