Тоқаев оқу-жаттығуларды көру үшін Алматы облысына келді

Тоқаев оқу-жаттығуларды көру үшін Алматы облысына келді

Фото:akorda.kzФото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған», — деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *