Жапонияда ТЖ режимі аяқталды
Жапонияда ТЖ режимі аяқталды
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ коронавирусқа байланысты сәуірде енгізілген төтенше жағдай режимінің аяқталғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Ел территориясында төтенше жағдай режимі аяқталды», — деді Абэ.
Ал 25 мамырдан бастап ТЖ режимі бес аймақта: Токио және оған іргелес жатқан Тиба, Канагава және Сайтама, сондай-ақ Хоккайда префектурасында аяқталды.
Абэ ел «эпидемиямен бір жарым айдың ішінде күресе білгенін» атап өтті, бірақ тұрғындардан сақтық шараларын орындауды сұрады.
Сонымен қатар, ол эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, ТЖ режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін ескертті.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/japoniyada-tj-rejim-ayaktaldyi-308840/