Өзбекстандағы бөгет жарылысы: алғашқы күдіктілер ұсталды
Өзбекстандағы бөгет жарылысы: алғашқы күдіктілер ұсталды

Түркістан облысындағы су тасқыны. Сурет: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Өзбекстан Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасы бойынша қылмыстық іс аясында алғашқы күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті ретінде ұсталды, оларға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша мән-жайды анықтауға кедергі келтірудің алдын алу мақсатында басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлайды Бас прокуратура өзінің Telegram-дағы арнасында.