КЕНТАУДА 73 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
КЕНТАУДА 73 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Сондай-ақ, «SPK-SAURAN» кәсіпорны 10 мың бас ірі қара бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Жоба құны –7,5 млрд.теңгені құрайды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инфестициялар көлемі 190%-ға артығымен орындалып, 285 млн.теңгеге жеткен.
Ірі қара мал басы 100 мыңнан асып, уақ мал 500 мыңға жетті. Жылқы саны 18 мыңға жуықтап, түйе 3 мың басты құрады. Жыл қорытындысы бойынша құс басы 14%-ға артып, 200 мыңға жеткен. 17 мың тонна ет, 65 мың тонна сүт, 100 мыңға жуық дана жұмыртқа өндірілді.
Кентау қаласында 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қала бойынша 17 гектардан астам алқапта жылыжай іске қосылды. 90 мал бордақылау алаңдары ашылды. Кентаудағы 5 мың гектарға жуық алқапқа күздік бидай егілді. Бүгінде Кентау қаласында 127 бірлік техникалар жаңаланып, тапсырма 100 пайызға орындалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі