Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріне егіп көрді

Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріне егіп көрді

Автор: Нариман Бекболат

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Н.Ф.Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығының (НИЦЭМ) қызметкерлері коронавирусқа қарсы жасап шыққан вакциналарын сынақтан сәтті өткізді деп хабарлады KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресей ғылым академиясының директоры Александр Гинцбургтың айтуынша, қызметкерлер пандемия жағдайында ары қарай жұмыстарын жалғастыру үшін вакцинаны егу арқылы өздерін қорғаған.

Академик вакцинаның жанама әсерлері анықталмағанын атап өтті.

Айтуынша, вакцинаны өздеріне еккен мамандардың денсаулықтары мен көңіл-күйлері жақсы. Ол вакцинаны сынақтан өткізгендердің нақты санын атамады, алайда, олардың барлығы да орталық қызметкерлері екенін жеткізді.

Ресми деректерге қарағанда, ғылыми зерттеу орталығының вакцинасы клиникаға дейінгі сынақтардың соңғы кезеңінен өтуде және приматтарға сыналған.

Осыдан кейін препаратты еркітілерге тестілеу басталмақ. Сынақтан өткізу күзге қарай аяқталуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан Түркістан облысының тұрғыны қазақстандықтарды бұл вирусқа немқұрайлы қарамауға шақырған болатын.

 

https://kaz.nur.kz/1857026-resejlik-galymdar-koronaviruska-karsy-vakcinany-zderine-egip-krdi.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *