Төтенше жағдай режимін бұзған лауазымды тұлғалар   жауапқа тартылды

Төтенше жағдай режимін бұзған лауазымды тұлғалар   жауапқа тартылды

 

Бәрімізге белгілі, 2020 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақтан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығы шыққан.

Жарлыққа сәйкес 17.03.2020ж. Шардара ауданы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия құрылып, қабылданған өкім бойынша отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан асатын топтармен жүру, отбасылық, мерекелік іс-шараларды тоқтату секілді шектеулер белгіленген.

Шектеулерге қарамастан 09.04.2020ж. Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округінің әкімі Н.Д.Нұрсейтов және Шардара аудандық Өрт сөндіру бөлімінің маманы Б.Алимханов өздерінің ортақ достарымен табиғат аясына жиналып, фотосуретке түскендері жөніндегі мәлімет әлеуметтік желіде жарияланғаны мәлім болды.

Бұл мәліметті тексеру барысында жоғарыда аталған тұлғалар «Энергопоток» ЖШС-нің қызметкері Б.Базаровтың туған күнін тойлағандары анықталды.

Осыған орай 13.04.2020ж. Шардара ауданының прокуратурасы туған күн кешін ұйымдастырушысы Б.Базаровқа қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғап, Шардара аудандық сотының 15.04.2020ж. қаулысымен оған 27780 теңге айыппұл салды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші өкілдерінің жауаптылықтарын қарау мақсатында Аудан прокуратурасы мемлекеттік қызметші өкілдерінің төтенше жағдай режимін бұзуына орай қадағалау актілерін енгізді.

13.05.2020ж. Аудан прокуратурасының ұсынысы ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, аудан әкімінің 19.05.2020ж. №1-77 өкімімен Жаушықұм ауыл округінің әкімі Н.Д.Нұрсейтовке «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Ал Шардара аудандық Өрт сөндіру бөлімінің маманы Б.Алимхановқа «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы қолданылған, сондай-ақ, өз қызметкерлеріне тиісті ведомстволық бақылауды жүргізбеген осы бөлімнің бастығы Б.Туракулов «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *