ШЫМКЕНТ. 2000 ДӘРІГЕР АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ

ШЫМКЕНТ. 2000 ДӘРІГЕР АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2764 медицина жұмыс істейді. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік сационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Медицицна мамандары алғашқы күннен бастап науқастарға қолдан келген көмегін жасауда. Тіпті наурыздан үйлеріне бармаған дәрігерлер бар. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпенбетпе-бет келіп Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес Шымкентте Төтенше жағдай режимінде жоғары жүктемемен еңбек еткен 2126 медицина мамандарына наурыз сәуір айларында еселеп атқарған еңбегі еленіп, руспубликалық бждеттен үстем ақы ретінде бөлінген 799.22 млн теңге берілді.
Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істеген 24 қызметкерге 8,749 млн., екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге және өзге де 977 медицина мамандарына 294,848 млн. теңге бөлінді.
Ал, үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 1126 медицина маманына 91,166 млн. теңге қаражат қаралған.
Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем көліктерінің жүргізушілері.
Наурыз айында елімізде жарияланған төтенше жағдай режимінде уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген медицина мамандарына 394,77 мил теңге берілді.
Қарапайым халықтың денсаулығы үшін өз басын бәйгеге тіккен ақ халатты абзал жандарға сәуір айында 514,969 мил теңге беру жоспарланған.
Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеп жатыр.
Одан бөлек үстемақы алмаған 4 медицицналық мекемеде еңбек ететін 500 ден астам қызметкерге сыйақы берілді. Демеушілер есебінен 25 миллион теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен № 2 қалалық аурухана қызмектерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталықтарындағы карантин режимінде тынымсыз еңбектеніп жатқан медицицна мамандары да шет қалмады.
Жұмысына адал дәрігерлер қауымы тәулік бойы жұмыс істейді. Қазірде қаладағы медициналық ұйымдардағы 300-ден аса қызметкерлер қонақ үйге жайғастырылған. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *