ТҮРКІСТАН. КӨГІЛДІР ОТЫН КӨМІРГЕ ҚАРАҒАНДА ТИІМДІ

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ КӨМІРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨТЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ БОЛЫП САНАЛАДЫ!

ҚҰРМЕТТІ  ТҮРКІСТАН  ҚАЛАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ! ТАБИҒИ  ГАЗДЫ  ПАЙДАЛАНУ  КӨМІРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨТЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ БОЛЫП САНАЛАДЫ!

Қысқы жылыту маусымында 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты). 1 м3 табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға есептегенде 22 680 теңгені құрайды. Ал, көмірдің шығыны 1 айда 36 000 теңгеге жуық. Демек, табиғи газды тұтыну арқылы шығынды азайтасыз, әрі жылыту маусымы кезеңінде күл шығарып әлек болмайсыз.

Қазандықтарды орнату халыққа өз ыңғайына қарай үйдегі температуралық режимді реттеуге және ыстық суды пайдалануға мүмкіндік береді.

Үй ішіндегі және сыртқы ауаның экологиялық жағдайы жақсарады.

Түркістан қаласында газ өткізу қарқынды жүргізілуде және соның арқасында шаһар жыл соңына дейін толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Тұрғындардан көмір отынынан табиғи газға көшуге белсенділік танытуды сұраймыз. Өйткені бұл — экологиялық жағдайды жақсартуға және адамдардың денсаулығына оң әсер етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі тарапынан әлеуметтік және кәсіпкерлік қызмет нысандарын қатты отыннан табиғи газға көшіру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде бір монша мен сегіз әлеуметтік нысан табиғи газға қосылды.

Жеке кәсіпкерлерді көмір қазандықтарын табиғи газға көшіруді жеделдетуді сұраймыз.

Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *