КОДЕКС – ҚҰҚЫҚТАРДЫ, БОСТАНДЫҚТАР МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАЙДЫ

КОДЕКС – ҚҰҚЫҚТАРДЫ, БОСТАНДЫҚТАР МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік Кодекс – мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Ермек Қарақұловтың мәлімдеуінше, Әкімшілік рәсімдердің негізгі міндеттері — жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.


Заңнамада құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы жазылған. Онда «Әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы» делінген. Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дау айтылатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады. Ешкімнің де өзінің келісуінсіз заңда ол үшін көзделген соттылығын өзгертуге болмайды. Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
«Кодекспен «Татуластыру рәсімдері» кеңінен қолданылады. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Жаңа кодекс әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу барысында жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруына және жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге септігін тигізеді»,-дейді Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Ермек Қарақұлов.
Айтуынша, аталған Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі қолданысқа 2021 жылдың 1-шілдесінен енгізіледі. Сондықтан, онымен толық, жан-жақты танысып, зерделеу сот жүйесі қызметкерлерінің алдағы жұмысы үшін ерекше маңызды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *