ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН АНЫҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН АНЫҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

slider
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді.

Орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланысты болған азаматтарға, сырттан келген жолаушыларға сынды арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2 ауысымдық (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылды, аталған жұмысқа 8 қызметкер тартылды, оның ішінде 3 зертхана маманы, 3 зертханашы, 2 кіші медициналық персоналы. Мамандар мәселенің маңыздылығыа жіті назар аударып, аса жауапкершілікпен жұмысын атқаруда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *