ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында ТМД-да теңдесі жоқ жылыжай кешені салынады. Бүгінде еліміздегі ең ірі кешенді салу үшін Келес ауданынан арнайы 500 гектар жер бөлінген. Инвестициялық құны 1,1 млрд. АҚШ доллар болатын жобаны Ресейлік «Эко-культура» компаниясы жүзеге асырмақ. Осы мәселені нақтылау үшін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен «Эко-культура» компаниясының директоры Александр Рудаков кездесу өткізді.

Ресейліктер жылыжай салынатын жердің географиялық орны жобаға қолайлы екенін, тек нысанға инфрақұрылым жүйесін тарту керек деп отыр.

«Қазіргі таңда жалпы құны 1,1 млрд. долларды құрайтын 500 га аумаққа  жылыжай кешенін салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл  кешен  – ауданның экономикасын  көтеретін ауқымды жобаға айналады. Жылыжай кешені іске қосылса, жаңадан 10 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Кешен заманауи технологиямен жұмыс істейтін болады. Біз «Казахстан Инвест» компаниясымен осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға қатысқанымызға өте қуаныштымыз», – деді «Эко-культура» компаниясының  директоры А.Рудаков.

Өз кезегінде өңір басшысы жобаға инфрақұрылым тарту мәселесі алдағы уақытта оң шешімін табатынын айтты.

Өңірдегі жылыжай кешені голландық технологиямен жұмыс істейтін болады. Ал, мамандарды арнайы Ресейде ақысыз түрде оқыту жоспарлануда. Мұнда өндірілетін қызанақ пен қияр ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *