ШҚО. Интернаттағы балалар өлімі: тергеу нәтижесі шықты
Интернаттағы балалар өлімі: тергеу нәтижесі шықты
ШҚО-да Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияданды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО әкімінің орынбасары Әлишек Мархабат дәрігерлердің шешімін негізге ала отырып, балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін балалар қызылшадан қайтыс болды деп жарияланған еді.
Екінші жағдай 11 сәуірде болды, 2009 жылы туған бала.
Үшінші жағдай 20 сәуірде болды, 2006 жылы туған бала.
Төртінші жағдай 29 сәуірде болды, 2012 жылы туған қыз.
Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың ауруының асқынуы қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер бар», — деді ол.
Сонымен қатар, ол қайтыс болған төрт баланың ата-анасы бұрын олардан бас тартқаннын атап өтті.
Ішкі істер органдары ҚК 317-бабы 4-бөлігіне «Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медициналық немесе фармацевтикалық мамандардың кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына» сәйкес өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/internattagyi-balalar-olm-tergeu-natijes-shyiktyi-308655/