Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
Атап айтқанда Қазақстан Президентіне республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік сатып алулар мен қазынашылық қызмет көрсету ісінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайында баяндалды.
Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев салық және кеден салаларын әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және бюджет үдерісіне қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/memleket-basshysy-karzhy-ministri-erulan-zhamaubaevty-kabyldady