ТҮРКІСТАНДА ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

Апталықта Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы жайлы айтылды. Жаңадан іргесі қаланған ықшам ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына 600-ге жуық жұмысшы тартылған. Жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары.

Ауданда су алған үйлердің, мал басы мен егістік алқаптарының құжаттары жинақталып, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Ауданға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан көмек келуде. Бүгінге облыстық штаб қоймасына 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан қысқа толқынды пеш, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жууы машиналарына тапсырыстар көптеп түсуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *