ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ
ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ
Шымкент қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.
Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га нысанның құрылысын «Темирспец-Строй» ЖШС атқаруда.
Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Мердігер компания құрылысты биыл жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі