Қасым-Жомарт Тоқаев банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың табысы азайып бара жатқан уақытта тұтынушылық несие нарығының жағдайына мониторинг жүргізудің маңызы зор. Азаматтардың қарыз бойынша жүктемесінің көбейіп кетуіне жол бермеу керек. Қаржы нарығын реттеу бойынша агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушылардың оңалту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Сонымен қатар қарыз алушы мен өнімнің типіне қарай сыйақы ставкасын есептеу амалдарын қайта қарастырған абзал», — деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктік емес, несиелік ұйымдарды бақылау жұмысы күшейетінін мәлім етті. Ал келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілмек.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-bankte-problemalyk-karyzy-bar-azamattardyn-maselesin-sheshudi-tapsyrdy_a3648277

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *