Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі — Президент

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі — Президент

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі - Президент
Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының жазуынша, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешіледі.

https://www.inform.kz/kz/maktaaralda-su-taskynynan-zardap-shekken-ar-adamga-100-myn-tengeden-beriledi-prezident_a3647717

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *