ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ОҚУДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛДА КЕЛЕДІ
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ОНЛАЙН ОҚУДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛДА КЕЛЕДІ
Уақыт талабына сай, төтенше жағдай кезеңінде шымкенттік оқушылар қашықтан оқытудың өткен аптасында да интернет желісін пайдалануда алдыңғы қатардан көрінуде.
«Zoom», «Google class», «Edu page» бағдарламалары көмегімен де сабақ оқитын оқушылар саны артып келеді.
Бүгінде Шымкенттегі 213 білім беру ұйымы (мектептер, колледждер, ЖОО) толығымен қашықтан оқыту форматына көшкен.
Қаладағы 172 мектепте оқитын 222 мыңнан астам оқушылардың 96,7 пайызы түрлі электронды құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) қамтылса, 3,3 пайызы (немесе 7424-сі) телеарна арқылы білім алуда.
Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға мектептердегі 10192 компьютер уақытша берілді.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің үшінші аптасында қаламыз бойынша 100 оқушы үздік деп танылды. Олар № 28, 65, 25, 49, 7, 72, 35, Дарын-1, №77, 9, 48, 52, 15, 77, 23, 103, 77, 132, 99, 51, 68, 120, 31, 24, 133-ші мектептің оқушылары «Daryn.online» платформасын пайдаланып, білім алуда басып озды.
Сонымен қатар «Bilimland.kz» платформасындағы «Онлайн мектеп» жаңа модулі бойынша Шымкент қаласында үздік жұмыс істеген 11 мектепті ерекше айта кеткен жөн. Олар №9, 16, 28, 24, 41, 30, 59, 65, 36, 23, 50 мектеп оқушылары сабақ қаралымын жасап, берілген тапсырмаларды жүйелі орындаған.
Шымкентегі Жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері де қашықтықтан оқып жатыр.
Шымкент қалалық білім басқармасы.