ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАЛЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАЛЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАЛЫ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

3 мамыр 21:00 101

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балашағаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған-туыстарының үйлеріне орналасқан.

Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге арнап үш мектепті әзірлеп, ауылға 50 орындық автобус та қойып қойған. Бірақ ауылдың ер кісілері көшуден өз еріктерімен бас тартып, елдімекен іргесіндегі дамбы көтеру жұмыстарына атсалсысуды жөн көріпті.

Жетісай ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқанҚоғалы ауылындағы жағдайдың бұған дейінбақылауда болғанын ескертеміз. Аталған елдімекенде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп, дамбы тұрғызу, құм толы қапшық қалау жұмыстарын атқаруда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *