МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНАДЫ

МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНАДЫ

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛДІЕН АЛЫНДЫ

Құрметті мақтааралдықтар!    Назар аударыңыздар!
Аудан орталығы Мырзакент кентіне су басу қаупі туындауына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Осы мақсатта 68 автобус әзірленіп, Достық каналының бойындағы көпірге және орталық базар маңына қойылған. Сондай-ақ, эвакуациялау жұмыстарына 60 төтенше жағдай қызметкері, 300 әскер, 50 полиция қызметкері жұмылдырылған. Аталған жұмыстарға Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарының әкімдері мен әкімдік қызметкерлері де атсалысуда.

Көрші-қолаңдарыңызға ескертіңіздер. Жылы киім мен құжаттарыңызды алып алыңыздар. Газ, су, электр жарығын сөндіруді ұмытпаңыздар! Сонымен қатар, көлігі бар азаматтар эвакуация жасауға атсалысуларыңызды сұраймыз…

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *