Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі — достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі.
Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз — Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір. Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты.
Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі — кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді.
Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Н. Назарбаева
http://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/2938