ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгінгі таңда, қаланың 2 967 көшесіне гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте, шаһардағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктері арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен дезинфекциялануда.
Қаланың қоқыс алаңшаларындағы контейнерлер және көпқабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін залалсыздандыруға 150 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, қала аумағындағы карантинге жабылған шағынаудандар мен көпқабатты үй аулаларын күнделікті 2 реттен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қалаға кіріп-шығуды тоқтату мақсатында 17 бекет орнатылып, арнайы хауыздар күнделікті гипохлорит кальций қоспасы қосылған сумен екі реттен толтырылуда. Әрбір бекетке биотуалеттер орнатылып, күнделікті қажеттілігіне орай екі-үш реттен тазалық жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар қатаң бақылауға алынған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/na-ulicah-shymkenta-prodolzhaetsya-dezinfekciya?lang=kk