Мамырдың аяғына дейін 5300-ге жетеді — COVID-19 жұқтыруға қатысты болжам

Мамырдың аяғына дейін 5300-ге жетеді — COVID-19 жұқтыруға қатысты болжам

Фото: Әлихан Сариев

Фото: Әлихан Сариев

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мамырдың аяғына дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 300-ге жететінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейін айтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екі аптада ондай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақ ішкі емес», — деді ол.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 078-ге жетті, жазылып шыққандар саны — 774, ал қайтыс болғандар — 25.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/mamyirdyin-ayagyina-deyn-5300-ge-jeted-covid-19-juktyiruga-307939/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *