Төтенше жағдай кезінде жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтсе не істеу керек

Төтенше жағдай кезінде жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтсе не істеу керек

Төтенше жағдай кезінде жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтсе не істеу керек
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжілістің жалпы отырысында жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қандай құқық берілетіндігін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Құжатының жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға төтенше жағдай режим кезінде оны жаңарту мүмкін еместігіне байланысты мұндай құжатты пайдалану құқығын беру қажет деп санаймын. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі өз құзыреті аясында бұл мәселені шешу үшін қаулы жобасын әзірлеп жатыр. Осылайша, төтенше жағдай режимі кезінде жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды азаматтарымызға пайдалану құқығы берілмек», — деді ол.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин министрдің бұйрығымен көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы тапсырма берілгендігін айтады.

«Жеке куәлікке қатысты айтар болсақ, қазір Мемлекет басшысының атына ұсыныс әзірленді. Бұл төтенше жағдай режимінің қолданыс кезеңінде аталған норманы Президент Жарлығымен ұзарту үшін қажет. Ондай құжаттар тізімі өте көп», — деді министр орынбасары.

Осы орайда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төтенше жағдай кезінде 99,5 мың жеке куәліктің, 68 мың жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кеткендігін айтты.

«Бұған қоса мамырда 90 мың жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталады екен. Мұның барлығы төтенше жағдай кезеңінде орын алып отыр ма?», — деп сұрады ол Юрий Ильиннен.

Ішкі істер министрінен нақтыланған жауап алғаннан кейін Мәжіліс төрағасы елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда адамдар мерзімі өткен құжаттарымен не істеу керектігін түсінуі үшін мұндай норманың қажет екендігін баса айтты.

https://www.inform.kz/kz/totenshe-zhagday-kezinde-zhurgizushi-kualiginin-zharamdylyk-merzimi-otse-ne-isteu-kerek_a3644071

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *