БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
1997 жылы Елбасы Н. Ә.Назарбаев 2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Елбасы бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп атап көрсетті. Қазақстан-2030 стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді негізі мақсаттары – жеті бағыт көрсетілді. Солардың бірі — Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Қазір ел өмірі үшін маңызды салаларда болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтарды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан бөліп қарай алмаймыз. Елбасы жариялаған аталмыш құжат білім саласындағы реформаларға да негіз. Мәселен, 76-қадамда орта білім жүйесінде орын алуы тиіс дүниелердің қатарында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу де көрсетілген. Ал, жоғары сыныптар мен ЖОО-да біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшу 79-қадамда жүктелген міндет. Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстарының бәрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы осы тапсырмалардан туындап отыр десек қателеспейміз. Еліміздің білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұнға көшу үдерісі жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жаңартылған мазмұнға биыл қосымша 2, 5 және 7 сыныптар өтетінін жария етті. «Сондай-ақ, пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу бойынша ауқымды пилот басталады. Ол үшін 1500-ден астам мұғалім тілдік курсты аяқтады немесе аяқтау үстінде. Бұлар да 2019 жылға дайындық шеңберіндегі шаралар. Осы екі бағыт бойынша оқулықтарды жеткізу жалпы алғанда кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жаңартылған мазмұнға көшу 2016-2017 оқу жылынан басталды. Өсіп келе жатқан балалардың алған ақпаратты жүйелей алуы үшін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында мектептегі оқу бағдарламалары өзгертілді.
Оқу орындарында жоба сатылап енгізілетін болады. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдан бастап 1, 2, 5 және 7 сынып жаңартылған мазмұнға көшті. Ал, 2018 жылғы қыркүйектен бастап 3, 6 және 8 сыныптарға енгізіледі. Одан кейін 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 4, 9, 10 сынып, 2020 жылы 11 сынып сабақтарын басқаша өтетін болады.
(Кесте – 1)
2016 – 2017 оқу жылы бойынша жаңартылған мазмұнға көшу көрсеткіші
2016 ж | 2018 ж | 2019 ж.қыркүйек айынан бастап |
1,2,5, 7 сынып | 3,6,8 сынып | 4,9,10 сынып |
Елбасының халыққа арнаған Жолдауында «Еліміздің жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылуы үшін бірінші міндет индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» — деген болатын. Қазір бұл тапсырма Түркістан облысындағы білім беру саласында жоспар бойынша орындалуда. Сала мамандарының айтуынша, цифрландыру балаларды мектепке орналастыруда ашықтықты, айқындықты қамтамасыз етуде тиімді саналады. Әрі адами фактордың жағдайға ықпал етуіне жол бермейді. Былтырғы жылы жаңа жүйенің көмегімен қала мектептерінің 1-сыныбына 21 945 оқушы қабылданса, 23 395 бүлдіршін балабақшаға баруға мүмкіндік алған. «Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, сыбайлас жемқорылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарға көңіл бөлу мәселесі де қолға алынды. Мұғалімдерді іріктеудегі ашық конкурс, оқушылардың мектепаралық ауыстыру және жеке іс-парағын жүргізу процестері электронды түрде атқарылуда. Қазіргі таңда облысымызда білім беру мекемелеріне ұстаздарды қабылдау жұмыстары да электронды жүйеге ауысқан. Жұмыс іздеген кез-келген азамат www.thunter.shymkent.gov.kz сайтына кіріп, мұғалімдер үшін қандай бос жұмыс орындары жарияланғанын біле алады және құжат тапсыруға мүмкіндік алады. Бүгінгі күнге дейін жаңа жүйемен 501 педагог жұмысқа қабылданып отыр. «Бұл жүйе мектептердегі оқу-тәрбие ісінде де тиімді пайдаланылуда. Жаңа жүйе орнатылған мектептерге жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша алдыңғы жылдармен салыстырғанда жаңа оқу жылында сабақтан себепсіз қалу деңгейі 75%-ға кеміп, оқушылардың үлгерімі 12%-ға жоғарылаған екен.
2017 жылы облыстық бюджеттен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға 13 982,9 млн. теңге бағыттау жоспарлануда, оның ішінде білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 4 636,8 млн. теңге бағытталуда, оның 4 199,7 млн,теңгесі мемлекеттік тапсырыспен оқитын 22 512 білім алушыларын стипендиямен қамтамасыз етуге, 184,7 млн.теңгесі 23 428 білім алушыларын жеңілдікпен жол жүру шығындарын құрап отыр. Білім беру саласы бойынша нысандардың құрылысы мен қайта құру жұмыстарына 2017-2019 жылдарға облыстық бюджеттен 41 047,2 млн. теңге бағытталуда, оның ішінде:
- 2017 жыл – 51 нысанға 17 032,1 млн. теңге;
- 2018 жыл – 41 нысанға 11 902,5 млн. теңге;
- 2019 жыл – 32 нысанға 12 112,6 млн. теңге;
(Диаграмма – 1)