«Ең жаманы әлі алда, COVID-19 ұзақ уақыт тарайды» — ДДҰ басшысы

«Ең жаманы әлі алда, COVID-19 ұзақ уақыт тарайды» — ДДҰ басшысы

Фото: REUTERS

Фото: REUTERS

COVID-19 әлем бойынша алдағы уақытта да ұзақ уақыт тарайды, сондықтан әлем халқы абай болуы қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Батыс Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы тұрақталды, жұқтырғандар азайып жатыр. Ал бірақ Африка, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде, Шығыс Еуропада вирус әлі де өршіп тұр. Көп елде пандемия енді басталып жатыр. Ал кей елде вирус қайтадан тарай бастады. Қатеге жол бермеңіздер, бұл вирус бізде әлі ұзақ уақыт таралады», — деді ол кеше Женевада өткен брифингте.

ДДҰ басшысының айтуынша, коронавирустың жаңа толқынының қаупі бар.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/en-jamanyi-al-alda-covid-19-uzak-uakyit-taraydyi-ddu-307711/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *