ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕМІР БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕМІР БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Сәйкесінше 2020 жылғы жоспарға, жалпы құны 771,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба («ТМстрой 21» ЖШС-нің Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 520,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты және «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС-нің Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 251,0 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыты) толығымен іске қосылды. Мемлекеттік қабылдау актісі әділет басқармасына тіркелді.
Ал, 2021 жылы ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 227,4 млн. теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда өзіне тиесілі 6,0 га жер учаскесіне іргелес жатқан ауданның арнайы жер қорында тұрған 2,0 га жер учаскесі бөлініп, жер қойнауын игеруге арналған рұқсат берілген. Қазіргі таңда кәсіпорын орналасатын жер учаскесін тегістеу және жарықтандыру бойынша жұмыстары аяқталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі