ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы 11 азаматтан анықталды. Дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар – 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі — ер кісі, екеуі әйел.

Ал бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдем қызметімен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Бұл науқастардан ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен «COVID-19» диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттандырарлық. Бекітілген хаттама сәйкес, тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді.

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 103 адам анықталды.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *