Биыл Шымкент әуежайында жаңа терминал салынады

Биыл Шымкент әуежайында жаңа терминал салынады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы әуежайда жаңа терминал салынатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Биыл Түркістанда жаңа халықаралық әуежай мен Шымкентте жолаушылар терминалы іске қосылады. Үржардағы әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жөнделеді. Қаржы бөлінген соң Өскемен мен Үшарал қалаларындағы екі ұшу-қону жолағы қайта жөндеуден өтеді», — деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, алдағы бес жылда 13 аэродром салу жоспарда бар. Қазіргі таңда еліміздегі 3 қалада: Үшарал, Үржар, Зайсанда аэродром жұмыс істеп тұр.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/biyil-shyimkent-auejayyinda-jana-terminal-salyinadyi-307633/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *