ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 9 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырғандар 1990 ж., 1990 ж., 1983 ж., 1987 ж., 1931 ж., 1990 ж., 2010 ж., 1959 ж., 2014 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 80 адам анықталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *