ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ФЕЛЬДШЕР НҰРДӘУЛЕТ

ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ФЕЛЬДШЕР НҰРДӘУЛЕТ

Биылғы ақпанда Шымкент қалалық №11 емханаға 4-категориялы фельдшер болып қабылданған Нұрдәулет Тұрғанбек бүгінде Шымкент қаласының сыртында орналасқан Еңбекші блок-бекетінде​ індеттің алдын алу бағытында​ тынымсыз жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының бірі.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың короновирус індетіне байланысты ел аумағында 16 наурыздан төтенше жағдай режимін енгізуі Нұрдәулеттің жұмысына деген жауапкершілігін екі есе арттырды.

21 жасар жас маман әлемді жайлаған мына вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы оқшаулану болғандықтан тұрғындардан үйлерінде болуын сұрайды.

– Азаматтар аса қажеттілік болмаса, сыртқа шығуын уақытша доғарса, індетті ертерек ауыздықтаймыз. Осы шақта тұрғындардың үйлерінде отырғаны жөн. Біздің басты мақсат – бекеттер арқылы қалаға кіріп-шығатын көліктердегі азаматтарды санитарлық нормаларға сай арнайы құрылғылар көмегімен тексеру. Вирус белгілері айқындалса, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, науқасқа шұғыл түрде көмек көрсету сынды міндеттер кіреді, дейді фельдшер. ​ ​

Сырт көзге оңай болғанымен салмағы ауыр жауапкершілік арқалаған әскерилер мен медицина мамандары бекітілген бекеттерде ауысым бойынша жауын-шашынға қарамай жұмыс істейді. Міндет – қалаға кіріп-шығатын әрбір көлікті азаматты мұқият тексеру және қауіпсіздік талаптарын ескерту.

Денсаулығы мен өмірін қатерге тігіп, жұмыс істеп жүрген барша ​ азаматтарға алғыс айтқан айтқан жас маман:

– Медицинасы дамыған елдердің өзі «COVID 19»-ды ауыздықтай алмай отыр. Вирус жұқтырмаудың, ауырмаудың, ауру таратпаудың жалғыз жолы бар. Ол – карантин талаптарын ескеріп, қоғамнан уақытша оқшаулану. Сондықтан ел өкіметі белгілеген қатаң тәртіпке көндігіп, вирус таратпаудың жауапкершілігін сезіне білгеніміз дұрыс, дейді Н.Нұрланұлы.

 

​Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *