ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да  коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

12.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 38 адам анықталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *