ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері пойыз астына түспек болған қызды құтқарып қалды

ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері пойыз астына түспек болған қызды құтқарып қалды

Құтқарылған жасөспірім қыздың ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері пойыз астына түспек болған қызды құтқарып қалды (видео)

Шымкенттік полицейлер өз өмірін қатерге тігіп,темір жол рельсінде жатқан қызды құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап

26 наурызда шамамен сағат 18:15-де Шымкент қалалық Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция Басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай жариялануына байланысты енгізілген негізгі талаптардың және қойылған шектеулердің орындалуын бақылауды жүргізу барысында алыстан келе жатқан пойыздың астына темір жол рельсіне жатпақшы болған 17 жасар жасөспірімді байқады.

Полиция қызметкерлері Дәурен Майрихов, Біржан Сағынбаев, Дәулет Абубакиров және Темір Жәнібек бір сәтте ойланбастан батылдық танытып, жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде жасөспірім қызды ажалдан аман алып қалды. Құтқарылған жасөспірім қыздың ата-анасы және жергілікті тұрғындар көздеріне жас алып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Полиция қызметкерлері аталған жасөспірімді Полиция басқармасына жеткізіп профилактикалық сұхбат жүргізді.

Нәтижесінде жасөспірім өз қателігін түсінді. Аталған оқиға темір жолда орын алғандықтан сұхбат жүргізіліп болған соң жасөспірімді желілік полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырды.

http://ernur.kz/shymkent/shymkent-politsiya-kyzmetkerleri-poiyz-astyna-tuspek-bolghan-kyzdy-kutkaryp-kaldy-video

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *