Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда — дәрігерлер
Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда — дәрігерлер
Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам Алматыда, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сурет: theverge.com
Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан ертең, 27 наурызда шығарылады.
Кеше елімізде коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. «Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады», — деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. «Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/koronavirustan-jazyilgan-ek-adam-almatyida-dargerler-306592/