«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы төрағалық етіп, жүргізді.

Жиынның күн тәртібіндегі мәселелер — «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасарларын тағайындау болатын. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы тағайындалды.

Бахадыр Мәдәліұлы — 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы училищеде оқытушы болып бастаған.

2001 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, ОҚО ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жұмыс атқарған.

2004 жылы — мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде, 2006 жылы Президент Әкімшілігінде ішкі саясат басқармасында қызмет істеген.

2006-2008 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің директоры болған. 2009 жылы Президент — Әкімшілігі баспасөз хатшылығының ұйымдастыру секторының меңгерушісі, 2010 жылы Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 2010-2015 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2015 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы тағайындалды.

       

Бекайдар Мұсаұлы 1962 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі — жоғары. Еңбек жолын 1979 жылы Кентау байыту фабрикасында жұмысшы болып бастаған. Шымкент автопаркінде, «ЮжКазЭнерго» бірлестігінде инженер, коммерция бөлімінің бастығы болған. Кейіннен «Энергоорталық-3» акционерлік қоғамында бас директордың орынбасары болып жұмыс жасаған.

2006 жылдан бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов жаңа орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *