Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында — 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-tagyi-ek-adamnan-koronavirus-anyiktaldyi-306297/