Елордада теракт ұйымдастырмақ болған ер адам ұсталды ҰҚК
Елордада теракт ұйымдастырмақ болған ер адам ұсталды ҰҚК
2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.
Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.
Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі
http://knb.gov.kz/kk/news/nur-sultan-kalasynda-teraktini-boldyrmau-turaly