ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында төтенше жағдай режимін бұзған кафе анықталды

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында төтенше жағдай режимін бұзған кафе анықталды

Төтенше жағдай режимін бұзған кафе иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында төтенше жағдай режимін бұзған кафе анықталды

Төлеби ауданында түн жарымға дейін жұмыс істеп, төтенше жағдай режимiн бұзған кафенің иесі заңмен жазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Ленгірде орналасқан кафесінің жұмысын түн жарымына дейін тоқтатпаған.

Тәртіп сақшылары тәртіпке бағынбаған төлебилікті наурыздың 20-сы күні анықтаған. Құқық бұзған Ш.Э. қатысты сол күні Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама ресімделген.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ол Төлеби аудандық сотында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотта Ш.Э. өз ісіне өкінетіндігін айтып, кінәсін толық мойындаған. «Соттың қаулысымен Ш.Э -ге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген,»-деп мәлімдеді Төлеби аудандық сотының баспасөз қызметі

http://ernur.kz/turkistan-oblysy/turkistan-tolebi-audanynda-totenshe-zhaghdai-rezhimin-buzghan-kafe-anyktaldy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *