ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары болып Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды.
М.Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 ж. — ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
Ал, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі