НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Елімізде «COVID-19» короновирусының  таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай енгізуіне байланысты және Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеулер қойылды.

Атап айтқанда:

  • Ірі сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;
  • Киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін;
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін және онда келушілердің саны бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс.

Қойылған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдері заң талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР ҚК 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.

Қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – еліміздің әрбір азаматының қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау болып табылады.  Сол үшін бәріміз бірге жұдырықтай жұмылып, болып жатқан жағдайға түсіністікпен және жоғары жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Себебі — індетпен күресу барлығымыздан қатаң тәртіпті сақтауды талап етеді.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қаладағы 161 тойханада, 801 қоғамдық тамақтану объектілерінде, 29 базар және 23 ірі сауда орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тексеруде. Ерекше маңызға ие мемлекеттік нысандар мен мекемелерді тәулік бойы күзетуде. Әуежайларда қалаға келушілерді жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп қабылдап,  денсаулығы күмән тудырған жағдайда, патрульдік полиция қызметінің автоэкипаждары жедел жәрдем қызметінің автокөліктеріне ілесіп, оларды медициналық емдеу мекемесіне жеткізуде.

Жоғарыда айтылған бағыттағы жұмыстар жасалуда және төтенше жағдай уақытында ары қарай осы қарқынмен жалғасады.

Полиция халықпен бірге!

 

           Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *