Қытай вакцинасы Өзбекстанда шығарылуы мүмкін
Қытай вакцинасы Өзбекстанда шығарылуы мүмкін
Қытайдың «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы мен өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын Өзбекстанда шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлады.
Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту агенттігінің шақыруымен қытайлық «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясының делегациясы 23 шілдеде Ташкентке келді.
Министрлігтің хабарлауынша, делегация өзбек-қытай вакцинасын Өзбекстанға өндіруді жолға қою туралы келіссөздер жүргізуге келген. Сарапшылар вакцина өндірісінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін бағалайды.
Қытай Ғылым академиясы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина жасау жобасының бастамашысы және үйлестірушісі болып табылады.
Инновациялық даму министрлігі жанындағы алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы және денсаулық сақтау министрлігінің вирусология ғылыми-зерттеу институты вакциналарды сынауға тікелей қатысқаны, сондай-ақ клиникалық зерттеулерге қосқан үлесінің арқасында Өзбекстан вакцинаның тең құқылы авторы ретінде танылды.
Айта кетейік, ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының Өзбекстандағы қоры 8,5 миллион дозаға жеткен. Бұл вакцинаның азаматтар үш дозасын қабылдағанда толықтай емделген болып саналады.
https://www.inform.kz/kz/kytay-vakcinasy-ozbekstanda-shygaryluy-mumkin_a3815858