Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Біз біртұтас халықпыз - Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

фото әлеуметтік желіден алынды

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.

Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.

Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз.

Оның өзіндік себебі бар.

Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық.

Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды.

Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін.

Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын.

Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

https://elbasy.kz/kk/news/2020-03/kazakstannyn-tungysh-prezidenti-nursultan-nazarbaevtyn-nauryz-merekesimen-kuttyktauy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *