ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙДІ

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙДІ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты,сақтық шаралары қатаң қолға алынды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін аумақтар мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысқа санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қосылған, ол арнайы құралдарды пайдалана отырып, өрт техникасын, үй-жайлар мен жабдықтарды мұқият дезинфекциялауын жүргізді.

Ылғалды тазалауды тұрақты жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, департаменттің техникалық қызметкерлері қанатқақты, баспалдақ аралықтарын, есіктерді және барлық жанасу орындарын дезинфекциялау құралдарымен өңдейді. Жеке құрам жеке гигиена ережелерін қатаң сақтайды, дезинфекциялық құралдары бар дозаторлар сатып алынды және орнатылды.

Бұл алдын алу шаралары Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *